Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы жымқырғындар сотталды. Заңсыздықты Алматы облысының прокуратурасы анықтады. Тексеру барысында жалған медициналық қызмет көрсету арқылы 65,9 миллион теңгенің қолды болғаны әшкереленді. Екі жеке стоматологиялық клиника басшылары пациенттердің дербес деректерін пайдаланған. Олар медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген қызметті енгізіп, ақша жеген.
АИДА ИМАНӘЛИЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Прокурорлық тексеру материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот талқылауының нәтижесінде кінәлі тұлға Қонаев қаласы сотымен сотталды, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.