Шерхан Аймаханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Нұрай Серікбайды аса қатігездікпен өлтірді деп сотталған Шерхан Аймаханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Олар Шерхан Аймаханды қылмыстық кодекстің некеге тұруға мәжбүрлеу бабы бойынша ақтауды сұраған. Сондай-ақ аса қатігездікпен адам өлтіру бабын 99-баптың 1-бөлігі, яғни адам өлтіру бабына ауыстыруды, сөйтіп өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды сұраған. Жәбірленуші тарап бұл шағыммен келіспейді және апелляциялық сотқа бұған қарсы пікір жолдағанын айтты. Нұрай Серікбайдың жақындары да өз тарапынан аппеляциялық шағым түсірді. Олар негізгі сотта моральдық және материалдық шығын ретінде сұраған соманы қанағаттандыруды сұраған.
АЯНХАН ОМАРОВ, АДВОКАТ:
— Ал Нұрайдың қазасына келетін болсақ, олар «аса қатігездікпен өлтірілмеген» деп санайды екен. Яғни ҚК 99-бабы 2-бөлігін 99-бабы 1-бөлігіне ауыстырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды сұрап отыр. Бұл шағыммен келіспейміз. Қарсы пікір жолданды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал