Ел бойынша 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бүгін – білім күні. Осы айтулы датаға орай Оқу-ағарту министрлігі тың мәліметтерді жариялады. Биылғы жаңа оқу жылында 8 мыңға жуық орта білім беретін мекеме жұмыс істейді. Онда 4,1 млн оқушы білім алады. Ал дәл бүгін ел бойынша 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды. Бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 20 мың оқушыға көп. Оның 296 мыңы мемлекеттік, 23 мыңы жекеменшік мектептерде оқиды. Оқу бағдарламасына жаңа курстар енгізілді. Айталық, 5-7 сыныптар «Конституция негіздерін», 8-11 сыныптар «Заң мен тәртіпті», ал 5-11 сынып оқушылары «Жеке қауіпсіздік» бағыттарын меңгереді.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
— Биылғы оқу жылы еліміз үшін маңызды тарихи кезеңде басталғалы тұр. Күшіне енген жаңа Конституция, адам капиталын, білім, ғылым мен инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше қолдауымен жүзеге асырылған іргелі реформалардың нәтижесінде білім саласында шешімін тапқан нақты әрі кешенді нәтижелер еліміздегі адам капиталының дамуына негіз болуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал