Рудничный орта мектебі жұмысын бастады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен салынған Рудничный ауылының орта мектебі бүгін жұмысын бастады. 200 балаға арналған жаңа білім ордасының құрылысына 2,5 млрд-тан астам теңге бөлінген. Мұнда интерактивті тақта, робототехника және мультимедиа кабинеттері бар. Ауыл тұрғындары: «Жаңа оқу ғимараты балалардың мүмкіндігін кеңейтеді», — дейді.
Рудничный тұрғындары жаңа мектепті көптен күткен. Өйткені ауылдағы бұрынғы білім ошағы өткен ғасырдың 70-жылдары салынған. Ғимараттың тозығы жетіп, балалардың білім алуына қауіпті әрі қолайсыз болған.

Ауыл тұрғындарының өтінішінен кейін 200 орындық жаңа мектептің құрылысы былтыр наурызда басталған. Бүгін жаңа оқу жылында есігін ашты. Мектепте физика, химия, биология, робототехника және мультимедиа кабинеттері бар. Балалардың қауіпсіздігі үшін 38 бейнебақылау камерасы орнатылған.

ДӘУРЕН ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Биыл екі жаңа мектеп пайлануға беріледі. Жыл соңына дейін тағы екі мектеп пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін 1200 орындық мектеп Талдықорғанда салынады деп жоспарланған.

Рудничныйдағы мектеппен қатар Көксай және Үштөбе ауылдарында да жаңа білім ошақтары бой көтеріп жатыр. Қайтарылған активтердің қаржысы осылайша Жетісудағы әлеуметтік нысандардың құрылысына бағытталды. Соңғы үш жылда осы қаражат есебінен өңірде 29 нысан бой көтерген. Жобаларға 42 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал