Риддерде қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектеп-гимназиясы жаңа ғимаратқа көшті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Риддер қаласында қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектеп-гимназиясы жаңа ғимаратқа көшіп, оқушылар үшін есігін айқара ашты. Заманауи білім ұясы 600 балаға арналған. Ал бұрынғы ғимарат 35 жылдан асқандықтан әбден ескіріп, апатты деп танылды. Жаңа мектепте оқу процесі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылады. Мұнда IT-сыныптар, шеберханалар, зертханалар және оқушыларға арналған демалыс бөлмелері бар. Жаңа нысан Риддердің шалғай аудандарынан келетін жүзден астам баланы қабылдамақ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал