Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 100-ден астам ел бақ сынап жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады.
Биыл дүбірлі дода 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 43 түрінен, оның ішінде қазақ халқының ұлттық спортынан бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапында 150-ден астам спортшы өнер көрсетеді. Отандастарымыз Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барлық 43 спорт түрінен ел намысын қорғайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал