Қарағанды облысында қарағай көшеттерін өсіретін жылыжай салынады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағанды облысында қарағай көшеттерін өсіретін алғашқы жылыжай салынады. Аймақ еліміздегі ауасы ең лас өңірлердің тізіміне жиі кіретіндіктен, бұл жоба табиғатты тазартуға қосқан үлкен үлес болмақ. Жылыжайда жылына миллионға жуық көшет өсіру жоспарланып отыр.
Новодолинский кентіндегі орман өсіру алаңында жұмыс қызып жатыр. Мұнда 41 гектар аумаққа жаңа кешеннің іргетасы қаланды. Онда қылқанжапырақты ағаш көшеттері өсіріледі. Мамандар аймақта ағашты көбейтпек. Ал бұл жылыжай олардың ісін жеңілдетіп, көшеттерді тезірек өсіруге көмектеседі.

ЭДУАРД КРЮКОВ, ОРМАН ӨСІРУ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕР:
— Бұл жобаның басты пайдасы, көшеттің екі жылда өсетін бойын бір-ақ жылда өсіріп аламыз. Далада екі жыл уақыт кететін болса, жылыжайда бір жыл жеткілікті. Бұдан бөлек, жылыжайдың артында арнайы алаңдар болады. Сондықтан көшеттер жылыжайда сәл өскеннен кейін, біздің ауа райымызға бойы үйренсін деп оларды сыртқа, табиғи ортаға шығарамыз.

Қазір өңірде отырғызылған көшеттердің 60 пайызы жерсініп өсіп кетеді. Яғни жартысынан сәл астамы ғана үлкен ағаш болады. Сол үшін де мамандар жаңа жылыжайға үлкен үміт артып отыр. Ішіне автоматты түрде суаратын жүйе орнатылып, белгілі бір температура сақталады. Осылайша мұнда жылына 1 миллионға жуық көшет өсіру көзделіп отыр.

МАҚСАТ МҰҚАНОВ, ОЖӘҚ ЖӨНІНДЕГІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу туралы Жолдауы аясында Қарағанды облысында жасыл аймақтарды кеңейтуді жалғастырып жатырмыз. Былтыр орман қоры екі миллион көшетпен толықса, биыл одан 200 мыңға артық отырғызуды жоспарлап отырмыз.

Келер жылға дейін Қарағанды облысының ормандарына 7 миллионға жуық жаңа ағаш отырғызу жоспарланған. Өңірдің орман қорының жалпы ауданы 127 мың гектар. Елдімекендерден бөлек, Қарағанды-Теміртау тас жолының бойы мен әуежай бағытындағы жолдарда жасыл аймаққа айналатын болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал