Жанармай жыры: сапасыз бензиннен көліктер істен шығып жатыр | 01.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

СОҢҒЫ СӨЗ —
Щучинскідегі «Палау орталығында» болған өртке қатысты қылмыстық іске нүкте қойылады. 12 адам қаза тапқан қайғылы оқиға бойынша өтіп жатқан сотта күдіктілер соңғы сөзін айтты. Айып тағылған үш адам қанша жылдан арқалайды?

ЕКІ БАСШЫ СОТТАЛДЫ
«Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшыларына үкім шықты. Негізгі күдікті 8 жылға, тағы бір айыпты 1 жылға сотталды. Олар 8 мыңнан астам салымшыдан 21 млрд теңге жинап, оның бір бөлігін бас пайдасына жұмсаған.

ҚАБЫРҒА СӨГІЛДІ
Фельдшер Ұлдана Мырзуан мерт болған үйдің қасбеті әлі де өмірге қауіп төндіріп тұр. Тұрғындар осылай деп дабыл қақты. Олардың айтуынша, үйдің қабырғасы сөгіліп кетуі мүмкін. Ондағы жарық күн өткен сайын үлкейіп барады.

БІШКЕКТЕГІ БАСҚОСУ
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-шы отырысына және «ШЫҰ +» форматындағы кездесуге қатысты. Бішкектегі басқосуда 10 мемлекеттің президенті сөз сөйледі.

ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ
Қарағанды облысында жылына 1 млн түп қарағай көшетін өсіретін жылыжайдың іргетасы қаланды. «Бұл болашақта өңірді көгалдандырып қана қоймай, аймақтың ауасын жақсартуға септігін тигізеді», — дейді экологтар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал