Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Құдықта тұншығып қаза тапқан 6 жұмысшы қажет қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған. Олардың өліміне жұмыс беруші кінәлі. Қайғылы оқиғаны зерттеген тергеу комиссиясы осындай ұйғарым шығарды. Енді еңбек қауіпсіздігіне атүсті қарағандар заң бойынша жауапқа тартылады. Ал мекемеде анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт берілді.
АСҚАР ҚАПАНОВ, ОБЛЫСТЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:
— Жазатайым оқиғаның негізгі себептері – жұмысшылардың қауіпсіздік талаптары бойынша оқытылмауы және қажетті қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілмеуі. Тергеу нәтижесінде жұмыс беруші 100% кінәлі деп танылды. Бұл жерде қаза болған жұмысшылардың еш кінәсі жоқ. Оқиғаға жауапты 5 адам анықталып, оларға олқылықтарды жою туралы ескерту берілді. Мекеме жұмысшы тағдырына немқұрайлы қарамағанда, қайғылы оқиға болмас еді.
Қайғылы оқиға 20 шілдеде Павлодар облысының Ақтоғай ауданында болды. Кәсіпорын аумағында өндірістік жабдықты жөндеу үшін құдықта жұмыс істеп жатқан жұмысшы күкіртсутек газынан уланып, өзін нашар сезінген. Оған көмектеспек болып, тағы бес жұмысшы құдыққа кезек-кезек түскен. Сөйтіп, олар да ажал құшты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.