Үш баласын көлікке отырғызған мас жүргізуші үйге соғылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бурабай ауданының тұрғыны арақ ішіп алып, үш баласымен жолға шыққан. Вишневое ауылына жеткенде жүргізушінің көзі бұлдырап, жеке үйге соғылған. Үйдегі адамдар аман. Ал көлікте болған үш бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір балалар әжесінің қарауында. Мас жүргізушіні полиция ұстады. Енді ол куәлігінен айырылып қана қоймай, қираған үйдің шығынын да өтеуі мүмкін.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ПД АҚПАРАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Жүргізуші «Lada Largus» көлігін мас күйде басқарып келе жатып, алдымен қоршауға, кейін тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. Көлікте үш кәмелетке толмаған бала болған. Балалар медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Тексерістен кейін олар үйлеріне жіберілді. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал