Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбеде екі тәуліктен бері қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Бірақ құтқарушылар өрттің басқа жаққа таралуына жол берген жоқ. Алайда өртті толық сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. Кей жерлерде түтіндеп жатқан ошақтар бар. Айта кетейік, бұл екі жыл бұрын іске қосылған жаңа полигон биыл екінші рет өртеніп отыр.
ТАЛҒАТ НАУРЫЗОВ, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
— Өрт сөндіру жұмыстарына 61 арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтатын болсақ, 10 арнайы өртті сөндіру техникасы, 21 жүк тасушы көліктері, 7 жүк тиегіш көлігі, 15 арнайы су тасу көліктері, 2 бульдозер және 2 экскаватор өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда түтінді басу мақсатында топырақпен тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.