Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкенттегі мектептердің бірінде оқушыларға әбден тозығы жеткен кітап берілген.
Әлеуметтік желіде ата-аналар түбі түсіп, беттері жыртылған оқулықты көрсетіп, шағымданды. Мұқабасы мүжілген кітап баспадан 9 жыл бұрын шыққан. «Негізі, оқулық ең көбі бес жылдан артық пайдаланылмауы керек», — дейді шағымданушылар. Бұл жағдайға қалалық білім басқармасының өкілдері жауап берді. Олардың айтуынша, биылғы оқу жылында 600 мыңға жуық оқулық қорын жаңарту көзделген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 388 319 мың теңге бөлінген. Қазір оқулықтарды қалаға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ:
«600 мыңға жуық оқулық қорын жаңарту, тозығы жеткен оқулықтарды ауыстыру және білім алушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 11 баспадан оқулықтарға тапсырыс берілді. Қазіргі уақытта тапсырыс берілген оқулықтарды Шымкент қаласына жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Оқулықтар жеткізілгеннен кейін тозығы жеткен оқулықтар кезең-кезеңімен ауыстырылып, білім беру ұйымдарындағы оқулық тапшылығына қатысты мәселелер де тиісті тәртіппен шешілетін болады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде №91 бұйрықтың талаптарына сәйкес, оқулықтармен қамтамасыз ету мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін жүзеге асырылады».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.