Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Мектеп оқушыға «шашыңды қысқарт», «шашыңды жинап кел» деп талап қоя ала ма? Жаңа оқу жылы басталғалы ата-аналар арасында осы мәселе қайта көтерілді. Бір мектепте сыртқы келбетке талап қатаң болса, енді бірінде оқушының таңдауына еркіндік беріледі. Ал заң не дейді?
Қысқа шаш, ұзын шаш, өрілген немесе жайылған шаш. Әр оқушының талғамы әртүрлі. Бірақ мектепке келгенде не істеу керек? Баланың талғамы ма әлде білім ордасының талабы жоғары тұруы керек пе?
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
— Ережебұзушылық мүлдем жоқ деп айта алмаймын. Әрине, 1-2 бала бар. Жекеменшік мектептерден келгендер сол жақтың салтына үйренеді. Әр мектептің өз ережесі бар. Ата-аналармен, мектеп парламентімен ақылдасып бекітілген ереже бар.
Бұл – оқу орнының ішкі тәртібі. Мектеп әкімшілігі солай дейді. Ал Оқу-ағарту министрлігінің бұл мәселеге қатысты ұстанымы қандай?
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ:
«Мектеп формасын таңдау және білім алушының сыртқы келбетіне қойылатын талаптар орта білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерімен және мектеп кеңесінің (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептің өзін-өзі басқару органы) шешімімен реттеледі. Бұл талаптар жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі».
Жалпы білім беретін мектеп басшылығы білім алушылар мен олардың ата-аналарынан білім беру ұйымының Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және ұйым қызметін реттейтін өзге де актілерді сақтауды талап етуге құқылы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.