АҚШ доллары 458 теңгеге түсті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

АҚШ доллары бүгін 3 теңгеге арзандап, 458 теңгеге дейін түсті. Көк қағаздың нарықтағы аптығын басуға, ең алдымен, әлемдік қара алтын бағасының барреліне 92 доллардан асуы тікелей әсер етті. Сонымен қатар бұл жолы төл теңгемізге Ұлттық банктің өзі де септігін тигізіп, қыркүйек айында Ұлттық қордан қосымша валюта шығаруды көздеп отыр. Қаржыгерлер: «Сыртқы геосаяси факторлар мен ішкі қолдаудың арқасында ұлттық валютамыз алдағы уақытта да өз позициясын сақтап қалады», — дейді. Қазіргі уақытта еліміздің бас қаласы мен Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 461-462 теңгеден саудаланып жатыр.
МАҚСАТ ХАЛЫҚ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:
— Әр жылы жаз мезгілінде теңгеміз құнсызданатын. Себебі жазда көбі шетелге шығады, сөйтіп, долларға сұраныс артады. Тиісінше доллардың құны жоғарылайды. Бірақ биыл қарама-қайшы болып тұр. Керісінше, теңгеміз құнды, ал доллар құнсызданып жатыр. Бұл жерде бірінші фактор, доллардың өзі құсыздану фазасында. Теңгеміз күшейіп жатыр деуден бұрын доллардың өзі құнсызданып жатыр, әлемде доллар индексі төмендеп жатқанын айта кеткен жөн.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал