Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Самар және Катонқарағай аудандары мен Өскемендегі асфальт-бетон зауыттары экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеп келген. 40 учаскеде зиянды шығарынды белгіленген мөлшерден асып кеткен. Бұл деректерді табиғатты қорғау прокурорлары мен экология департаментінің мамандары әшкереледі. Заңбұзушылық анықталған кәсіпорындардың жұмысы дереу тоқтатылды. Компанияларға үш ай ішінде шаң ұстайтын сүзгі орнату міндеттелді. Жол салушы мердігерлер 36 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады.
ФАРХАТ КІНӘСЫЛОВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Асфальт-бетон зауытында жүргізілген тексеріс кезінде шаң-тозаң мөлшерінің нормативтен 41 есе асып кеткені анықталды. Ал басқа кәсіпорында бұл көрсеткіш 1,7 есе жоғары. Бұл зиянды заттарды ұстайтын құрылғының дұрыс жұмыс істемейтінін көрсетеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.