Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Енді жыл соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 22 мыңнан астам адам әскерге алынады. Жергілікті шақыру комиссиялары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бүгінде әскери қызмет үлкен мүмкіндік алаңына айналып отыр. Сарбаз Отанды қорғай жүріп, еңбек нарығында сұранысқа ие жүргізуші, байланыс маманы мен парамедик сияқты 20-ға жуық мамандықты тегін меңгереді. Оның сыртында әскердегі кезеңде несие төлемі кейінге шегеріліп, кейін ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғарғы оқу орнына грантқа оқуға түсу құқығы беріледі.
АЛМАС ИСАБЕКОВ, ҚР ҚК БШ ҰЖЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Процестерді цифрландыру аясында Қорғаныс министрлігі автоматтандырылған режимде әскерге шақырылуға жататын азаматтардың тізімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Цифрлық әскери комиссариат қызметін енгізді. Жүйе мемлекеттік ақпараттық базалары біріктірілген және белгіленген талаптарға сәйкес келетін адамдарды жас, денсаулық жағдайы және өзге де критерийлер бойынша объективті іріктеуді қамтамасыз етеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал