Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбе облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту жалғасып жатыр. Бұл жолы Алға қаласындағы жаңартылған вокзал жолаушылар үшін есігін айқара ашты. Бұрын оның орнында 90 жыл бұрын салынған, әбден тозығы жеткен ескі ғимарат болған. Енді жаңа вокзал тәулігіне 12 жолаушы пойызына қызмет көрсетеді. Тәулігіне 50 жүк пойызы да осы станса арқылы өтеді. Аумағы шамамен 380 шаршы метрлік бір қабатты ғимарат толық жаңартылып, жолаушылар залы мен инженерлік жүйе жөнделді. Вокзал аумағы да абаттандырылды. Жалпы Ақтөбе облысында жеті теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Бұл жобаларға 10,5 млрд-тан астам теңге бөлінген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.