Қазақстанда күн суытады: қар жауып, жел күшейеді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Дауылды ескерту. Қар жауып, тұман түседі. Кей өңірде секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады. Күн 3 градусқа дейін суиды. Синоптиктер осындай болжам айтып отыр. Дегенмен, бұл – уақытша құбылыс. «Көп ұзамай, көп өңірде күн қайта жылынады», — дейді Қазгидромет өкілдері.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте +28…+33°С; солтүстікте, шығыста және Қазақстанның орталығында +23…+30°С; оңтүстік-шығыста +20…+27°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+15°С.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал