Құдықта қаза тапқан 6 жұмысшының өліміне жұмыс беруші кінәлі деп танылды | 02.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

ЖҰМЫС БЕРУШІ КІНӘЛІ
Ақтоғайдағы құдықта тұншығып қаза тапқан 6 жұмысшы қажет қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған. Олардың өліміне 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі. Қайғылы оқиғаны зерттеген тергеу комиссиясы осындай ұйғарым шығарды.

ӘКЕҢ МАС, ТЫҒЫЛ!
Көлікке үш баласын отырғызып алып жүйткіген әке жеке үйге соғылды. Ол мас болған көрінеді. Балалар дін аман. Ал көкшетаулық жүргізуші қамауға алынды. Енді ол куәлігінен айырылып қана қоймай, қираған үйдің шығынын өтейді.

ЕСКІ КІТАП
Әлеуметтік желіде шымкенттік ата-аналар түбі түсіп, беттері жыртылған оқулықты көрсетіп, шағымданды. Әбден тозығы жеткен кітаптардың мұқабасы да мүжілген. Қалалық білім басқармасының өкілдері мәселеден хабардар ма?

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ
Елімізде күзгі әсерге шақыру науқаны басталды. Бұл жолы 23 мыңға жуық азамат армияға алынады. Ал Қорғаныс министрлігі жас сарбазға жаңа мамандық игеру мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл әскерге тартудың амалы ма?

ҚОРЖЫНДА ЕКІ АЛТЫН
Сүйінші, қарсылас шақ келмеді. Бішкекте өтіп жатқан VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтын еншіледі. Қос жүлдені қоржынға аударыспақтан сынға түскен спортшылар салды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал