Лаос Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Мұнан соң Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Лаос Президентінің Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапарын тарихи оқиға деп атады. «Келесі жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз», — деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Лаосты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді. Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал