Елорданың құрылыс алаңдары жоспардан тыс тексеріледі

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жүйелі түрде ереже бұзатын компаниялар лицензиясынан айырылады. Елорданың құрылыс алаңдары жоспардан тыс тексеріледі. Бұған соңғы уақытта екі кран құлап, екі адамның қайтыс болуы себеп. Оқыс оқиға салдарынан тағы екі жұмысшы ауыр жарақат алған болатын. Енді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қауіпсіздік талаптарын сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтпек. «Жалпы, бұл мәселе бұрыннан айтылып келеді», — дейді министрлік өкілдері. Талапты сақтамаған мердігерлерге есерту жасалып, заңсыздықты жоюға уақыт берілген. Енді мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті құрылыс алаңдарында жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Өрескел заңбұзушылық байқалса, бірден құзырлы органдарға хабарланып, шара қолданылады. Әсіресе қайғылы оқиға болған ұйымдарға баса назар аударылады. Бұған дейін жүргізілген тексеру кезінде анықталған олқылықтар түгел жойылғанына көз жеткізіледі. «Бұл арада кез келген оқиғаны адами факторға сілтеуге жол белірмейді», — деп хабарлады министрлік өкілдері.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал