16 жастағы қызды өлтіріп, денесін каналға лақтырған күдіктіге сот үкім кесті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Кәмелетке толмаған қыз баланы өлтіріп, денесін каналға лақтырып жіберген күдіктіге сот үкім кесті. Оқиға маусымда Қызылорда облысының Шиелі ауданында болған еді. 16 жастағы Балсұлу Өмірзақ құрбысына барамын деп үйінен шығып, қайтып оралмаған. Марқұмның денесі бір тәуліктен кейін Жахаев каналынан табылған. Мойнында жуан сым ораулы болған. Бұл жағдай жұрттың жағасын ұстатты. Артынша күдікті қамауға алынды. 22 жастағы тұрғынның үйленгені, бұрын істі болғаны анықталды. Тергеу барысында оның кінәсі толық дәлелденді. Айыпталушы соңғы сөзінде қылмысын мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады.
ДУМАН ӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚІЖМ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
— ҚК 99-бабының 2-бөлігі 14-тармағымен кінәлі деп танылып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа мекемелерінде өтеу белгіленсін. 10 млн теңге моралдық шығын, тиісінше арыз берілген сәттегі е.к. бөлігінен мемлекеттік кіріске 2162 теңге мемлекеттік баж өндірілсін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал