Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбеде анасын өлтіріп, әжесіне пышақ жарақатын салды деп айыпталған 16 жастағы оқушыға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотқа оның өзі қатыспайды. Өйткені психиатриялық ауруханада емделіп жатыр. Мамандар жасөспірім өз әрекетіне есеп бере алмайтынын және өзін басқара алмайтынын жеткізді. Сондықтан жабық медициналық мекемеде емдеуге жіберілген. Қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Оқушы сабағына қатысты мәселе бойынша анасына қарсы шығып, ашу үстінде пышақтап тастаған. Араша түспек болған 73 жастағы әжесін де жарақаттаған.
ЕЛДАР ӘБИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Үстінде тұрған шкафты ашқан сәтінде, сабы қара түсті пышақты көріп, есі дұрыс емес күйінде Тұңғышеваның айтқан сөзіне ашуланып, оны басқа бөлмеге дейін қуып барып, денесінің әр бөлігіне пышақ жарақатын салған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.