Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Еліміздің солтүстігінде дронның көмегімен заңсыз қоқыс алаңдары анықталып жатыр. Өңір прокурорлары бүгінге дейін ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 90-ға тарта осындай орынды тапқан. Оның жартысына жуығы жойылды. Барлау жұмыстары әсіресе саябақтар мен скверлерде, ормандар мен Есіл өзенінің бойында жүргізілген. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 8 прокурорлық акт енгізіліп, абаттандыру талаптарын бұзған 42 лауазым иесі жауапқа тартылды. 10 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық сыртқа шығарылды. Қоғамдық орындардағы бақылауды күшейту үшін «Таза Қазақстан» акциясы аясында 400 камера орнату жоспарланып отыр.
ЕРУЛАН БИМЕНДИН, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ:
— Олқылыққа жол берген округ әкімдері мен аудандық әкімдіктердің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал абаттандыру ережелерін бұзып, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған азаматтарға әкімшілік шара қолданылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.