Ел бойынша 42 жаңа су қоймасы салынады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жалғаса бермек. Алдағы уақытта ел бойынша 42 жаңа су қоймасын салу және тағы 37 нысанды реконструкциялау көзделген. 2024-2025 жылдары бес су қоймасы жаңғыртылды. Су үнемдеу технологиялары қазір 543,5 мың гектар жерге енгізілген. Соның нәтижесінде былтыр шамамен 874 миллион текше метр су үнемделді. Ал 2030 жылға қарай мұндай технология қолданылатын аумақты 1,3 миллион гектарға жеткізу жоспарда бар. Каналдарды жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.
2024-2025 жылдары 1,4 мың шақырымнан астам канал реконструкцияланды. Биыл тағы 962 шақырым канал пайдалануға беріліп, шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтылуы жақсармақ. Бүгінгі таңда 23 мыңнан астам су нысаны цифрлық жүйеге енгізілген. Ал цифрлық биллинг арқылы жыл басынан бері су беру жөнінде 26 мыңнан астам келісімшарт жасалған.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:
— 2025 жылдың қорытынды бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптардың көлемі 543,5 мың гектарға жетті. Оларды енгізу қарқыны бес есе артты. Үнемделген су көлемі шамамен 874 миллион текше метрді құрады. Түркістан облысында екі су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы бойынша жұмыстар басталды. 2025 жылы Өзбекстанмен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал