Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қонаев қаласы биылғы шомылу маусымында екі миллионнан астам демалушыны қабылдады. Турист саны былтырмен салыстырғанда 200 мың адамға артқан. «Оған жағажайларды абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту және судағы қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстарының дұрыс жүргізілуі септігін тигізді», — дейді қала тұрғындары. Қапшағай су қоймасының жағасында 140 демалыс орны бар. Ұзындығы бір шақырымдық №5 коммуналдық жағажай өткен жылы толық абаттандырылып, халық игілігіне берілген болатын. Соның арқасында онда жұмыс күндері 2 мың, ал демалыс күндері шашамен 5 мыңдай турист келген. Қазір №4 және 6 жағажайды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 180 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.