Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жер астына түсіп, кен өндіру – күн сайын қауіппен бетпе-бет келетін ауыр жұмыс. Мұндай еңбек үлкен төзімділік пен күшті талап етеді. Сәтбаев қаласының тұрғыны Айтмұхамбет Балабаевтың шахтада жұмыс істеп жүргеніне 40 жылға жуықтады. Оның әкесі, екі әпкесі және үлкен ұлы да кен өндірісін таңдаған.
Айтмұхамбет Балабаев еңбек жолын 40 жыл бұрын бастаған. Алғашында шағын тиеу техникасын басқарды. Кейін тәжірибе жинап, кенжарды жұмысқа дайындайтын білікті маманға айналды. Бүгінде Сәтбаевтағы №73 шахтада қауіпті жерасты учаскелерін дайындап, бұрғылаушыларға жұмыс жерін әзірлейді. 37 тонналық ауыр техниканы басқарады. Негізгі міндеті – тау жыныстарын қауіпсіз бұзу. Әсіресе опырылу қаупі бар учаскелерде жауапкершілігі жоғары.
АЙТМУХАНБЕТ БАЛАБАЕВ, КЕНШІ:
— Бірінші рет шахтаға 1986 жылы түстім. Содан бері істеп келе жатырмын. 1996 жылы шахта жабылды. 1997 жылдан бастап машинист caterpillar болып істеймін.
Әріптестері Айтмұхамбетті білікті, сабырлы әрі сенімді маман деп бағалайды. Ол өндірістік жоспарды орындауға жауап беріп, кеніш бригадасымен бірге жұмыс істейді. Бұл ретте қауіпсіздікке де назар аударатынын айтады.
Балабаевтар әулеті шахтамен тығыз байланысты. Айтмұхамбеттің әкесі де өмір бойы кен өндірісінде еңбек еткен. Екі әпкесі де – осы сала маманы. Бүгінде бұл кәсіпті үлкен ұлы жалғастырып келеді. Осылайша, бір отбасы буыны үшін шахта ортақ жұмыс орнына айналған.
Айтмұхамбет Балабаев 40 жылға жуық жұмыс етіп, нағыз білікті шеберге айналды. Осы уақыт ішінде ол үш рет «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Шахтадан тыс уақытта да қол қусырып отырмайды. Үйін де өз қолымен салған. Жұбайымен бірге бала өсіріп, тәрбиелеп келген. Адал қызметі үшін оны үй іші мақтан етеді. Ал әке жолын қазір ұлы жалғастырып келеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.