Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бүгін елімізде алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтті. Соңғы жылдары Президенттің тапсырмасымен төл тұқымды сақтап, көбейтуге ерекше көңіл бөлініп, арнайы заң қабылданды. Қазақстан Халықаралық кинология федерациясына мүше болды. 2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалып, Қазақстан оның шыққан жері ретінде ресми бекітілді. Бүгінде құмайларымыз халықаралық көрмелерде жүлде алып, асыл тұқымды ит өсірушілердің қатары артып келеді. Ұлттық ит тұқымдарын сақтайтын арнайы орталықтың құрылысы да аяқталуға жақын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал