Елордада Қазақ тазысы күніне орай көрме ұйымдастырылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бүгін – қазақы тазыны ұлықтайтын атаулы күн. Ұлттық тұқымды дәріптеп, олардың тарихы мен ерекшелігін кеңінен таныту мақсатында елордада көрме ұйымдастырылды. Астана тұрғындары асыл тұқымды иттерді жақыннан көріп, итбегілерден олардың қыр-сырын сұрап білді.
Елордада қазақы тазыға арналған атаулы күнді атап өтті. Орталық саябақта ұйымдастырылған шараға итбегілер мен мектеп оқушылары, студенттер жиналды. Тұрғындар асыл тұқымды иттерді жақыннан көріп, итбегілермен тілдесті.

СЕРІК АУТАЕВ, «АСЫЛ ҚАЗЫНА» ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Қазақстанда тазының үш түрі бар: ірі тазы, ол қасқырға түседі. Ортаншы тазы – құмай тазылар, содан кейін шитазы болады. Олар тапал, Алматы, Шымкент, Қызылорда жақта көп. Тазы, біріншіден, жай иттер сияқты кісіге үріп, зиян келтірмейді. Өзінің орнын, дәрет сындыру орнын біледі. Тамақтың қай уақытынан, осылай келіп, қолынан тамақ алып, сол бір ерекшілігі.

Атаулы күнге орай ұйымдастырылған көрмеде тұрғындар тазының түр-тұлғасы мен ерекшелігіне қанығып, мамандардан қажет ақпарат алды. Көпшілік асыл тұқымды итпен суретке түсіп, ұлттық мұраға деген қызығушылығын білдірді. Әсіресе жастар үшін бұл – төл мәдениетті танып, атадан балаға жеткен дәстүрді дәріптеудің бір жолы болды.

Тазы – халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген ұлттық құндылық. Оны ұлықтау, насихаттау және кейінгі ұрпаққа аманаттау – ортақ міндет. Көрме де осы мақсатқа қызмет етті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал