Мойынты станциясында тоқ соққан машинистердің туыстары әділдік талап етті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағанды облысында жұмыс орнында зардап шеккен машинистердің туыстары әділдік талап етті. Оқиға Мойынты станциясында болған. Электровозды жөндеу кезінде машинист пен оның көмекшісін тоқ соғып, екеуі де күйіп қалған. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Туыстарының айтуынша, пойыз бұзылған соң, ер азаматтар көлікті тоқтан ажыратып, жөндеуге кіріскен. Кенет оларды жоғары кернеулі тоқ соққан. Жұмысшылар бұл туралы диспетчерге хабарлап, олар теміржол арқылы аудандық ауруханаға жеткізілген.
ПЕРИЗАТ СЕЙДАХМЕТ, ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТЫҢ ЖАРЫ:
— Оларды кінәлауға мүлдем болмайды. Өйткені олар бәрін нұсқаулық бойынша, регламентке сай жасады. Біз күйеулеріміз үшін қорқамыз. Енді болашағы не болмақ?

БАҒЛАН ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ, КӨЛКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Қазіргі уақытта «Қарағанды-Сұрыптау» станциясындағы көліктегі полиция басқармасы еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал