Қостанайда өндірістегі 16 адам өлімі жасырылған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қостанай облысында ресми есепке енбей қалған 16 адам өлімі мен 26 өндірістік жарақат дерегі белгілі болды. Кейбір жазатайым оқиғалардың тиісті деңгейде тергелмей қалғаны да анықталды. Өндірісте жарақат алып, дәрігерге жүгіну деректері тиісті органдарға берілгенімен, арнайы тергеу жүргізілмеген. Мысалы, медициналық ұйымдардан түскен 22 хабарлама арнайы тергеліп-тексерілмеген. Өңір прокурорлары қайғылы жағдайды жасырғандарды анықтап, жауапқа тартты.
НҰРСҰЛУ ПРЯХИНА, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Профилактикалық жұмыста да кемшіліктер анықталды. Ауыр және адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар болған 9 кәсіпорын тиісті профилактикалық іс-шаралармен қамтылмаған. Осыған байланысты полиция мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің ақпараттық базаларын біріктіру мүмкіндігін қарастыру және мәліметтерді тұрақты түрде салыстырып отыру ұсынылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал