Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті. Бұрын ол 16,75 пайыз болса, қазір 16,25% деңгейінде белгіленіп отыр.
Жалпы, биыл ел экономикасында қарқын бар. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, осы жылдың жеті айында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті. Нақты сектордағы өсім – 4,7%, қызмет көрсету саласында 3,7% болды. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметі, сауда, ауыл шаруашылығы және байланыс қызметінде жоғары өсім байқалған. Сарапшылардың айтуынша, алдыңғы жылдары экономиканың өсу қарқыны шикізат секторының динамикасына қатты тәуелді болған. Бүгінгі таңда экономика бұл тәуелділіктен біртіндеп арылып келеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.