Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство қызметінің басым бағыттарын айқындап, бірқатар нақты міндет қойды. Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде міндет жүктеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал