Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
22 сәуір енді – Халықаралық планетаны көгалдандыру күні. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы ресми мәлімдеді. Ауқымды бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың қыркүйегінде Ұйымның 80-сессиясында ұсынған болатын. Еліміз әзірлеген қарарға әлемнің 32 мемлекеті тең автор ретінде қолдау білдірді. Бұл құжат – Қазақстанның жаһандық экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге қосқан нақты үлесінің айғағы.
Сонымен қатар, жаңа атаулы күн елімізде кеңінен қанат жайған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсат-мүддесімен толық үндеседі.
ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:
«Құжат әлемдік қоғамдастықтың көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтірудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттерді, БҰҰ жүйесін, халықаралық және өңірлік ұйымдарды, азаматтық қоғамды және басқа да мүдделі тараптарды тиісті іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асыруға ынталандыруға бағытталған».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.