Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жылыту маусымы жақындаған сайын өрт қауіпсіздігіне қойылатын талап та күшейеді. Астанада құтқарушылар әлеуметтік осал отбасылардың үйлерін аралап, пештерді тексеріп, улы газды анықтайтын дабылқаққыш орнатып жатыр.
15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өтетін өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әлеуметтік осал топқа жататын 983 отбасын аралайды. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, өрттің алдын алу жолдарын баяндауда.
Мамандардың сөзінше, тұрғын үйден шығатын өрттің көбі қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болады. Әсіресе жылыту маусымы басталар алдында пештер мен электр желілерінің жағдайын тексеру маңызды.
ҒАБИТ БАБАЕВ, ТЖД МӨБ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жылыту маусымының алдында пештердің мұржаларын тазарту керек. Қолдан жасалған электр құрылғыларын көп пайдаланады. Бұл электр құрылғыларын қолдануға мүлдем болмайды. Осы электр сымдарының тозуынан және дұрыс жалғанбауынан өрт оқиғалары көптеп орын алып жатады.
Мамандар жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ал профилактикалық жұмыстар қара суық түскенше жалғасады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.