Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Мен міндеттімін бе әлде мен қалаймын ба?». Алматыдағы «Жас сахна» театрында өткен «She is Aiel» саунд-драмасының басты сауалы осы болды. Сахнада Салтанат Бақаева. Ол музыка, пластика және дауыс арқылы бір мезетте қыз, жар, ана, сүйікті жан және кәсіби маман рөлдерін алып жүрген әйелдің терең әрі жасырын ішкі әлемін ашады. Қоюшы режиссёр Гүлназ Балпейісованың айтуынша, мұндай оқиғалар ұзақ уақыт бойы қалтарыста қалып келді. Драматургияда көбіне ер адамдардың тағдыры сөз болатын. Режиссёрдің пікірінше, әйелдер туралы және сан түрлі рөлдің арасында өз «меніңді» жоғалтпау жайын айтатын уақыт келді.
ГҮЛНАЗ БАЛПЕЙІСОВА, РЕЖИССЁР:
— Бізге қалау дегенді үйретпейді. Шын мәнінде, адам дүниеге келген сәттен-ақ белгілі бір міндеттермен өмір сүре бастайды. Егер қыз болып тусаң, сен осындай болуың керек, кейін сондай болуың керек деген талаптар қойылады. Бірден бәріне міндеттісің. Міндетті түрде ана болуың керек, міндетті түрде тұрмысқа шығуың керек. Ал «қалаймын» деген не? Сен өзің нені қалайсың? Білесіз бе, бұл – сиқырлы сұрақ. Мен оны өзіме күн сайын дерлік қоя бастадым. Меніңше, біз мұны енді ғана зерттей бастадық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.