Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ҚАНДЫ ОҚИҒА
Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан әйелін пышақтап өлтірді. Қансырап жатқан анасын кіші ұлы көріп, жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған.
ЖҰМЫСТА ЖАРАЛАНДЫ
Қарағандыда электровоздың екі машинисі тоққа түсіп, күйіп қалды. Олар көліктің бұзылған бөлігін жөндеп жатқан. Жұмысшылар дереу ауруханаға жеткізілді, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеу басталды.
ӨЛІМДІ ЖАСЫРҒАН
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тауып, 26 адам өндірістік жарақат алған. Бірақ бұл ресми мәліметте жоқ болып шықты. Өңір прокурорлары қайғылы жағдайды жасырғандарды анықтап, жауапқа тартты.
АЛЫПСАТАР АЙЛАСЫ
Баспана саудасы кезінде алыпсатардың арбауына түсіп қалу оп оңай. Алдамшы риелтордың құрығына ілігіп, ақшадан да, үйден де айырылып қалмаңыз. Олармен келісімшартқа отырарда не нәрсеге мән беру керек? Тілші зерттеуі.
ҚАЗАҚСТАН БАСТАМАСЫ
Енді 22 сәуір – Халықаралық планетаны көгалдандыру күні. Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасын қолдады. Бұл жобаны Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның 80-ші сессиясында ұсынған болатын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.