Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Бірнеше метрге созылған жалын және үйлерге қарай лаулаған өрт. Желіде тараған бұл видеоны Қостанай облысы Жітіқара ауданының тұрғындары түсірген. Құрғақ шөп жанған. Қатты желден тілсіз жау лезде таралып, саяжайға жеткен. Иесіз қалған жердегі қураған шөп өртті одан сайын күшейтті. Тілсіз жаумен күреске 190-ға жуық адам жұмылып, 40 шақты техника тартылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Ол толық сөндірілді. Қазір шығын көлемі мен жанып кеткен үйлердің нақты саны есептеліп жатыр.
АСЛАН ЖАНЫСПАЕВ, ЖІТІҚАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Қазір саяжай аумағында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің қайта тұтанбауы үшін қуыс-қуысты тексеріп жатырмыз. Сонымен қатар әкімдік қызметкерлері де саяжайларды аралап, апаттың салдарын анықтап жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.