Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Петропавлда балабақшалардың бірінде тәрбиешілер мен педагогтердің көңіл күйін және эмоционалдық жағдайын жасанды интеллект бақылай бастады. Ақылды жүйе мұндағы мамандардың қаншалықты күйзелісте жүргенін анықтайды. Тың жоба елімізде алғаш рет теріскейде іске қосылып отыр. Оның артықшылығы қандай?
Бұл – өңірдегі ең ірі балабақшаның бірі. Мұнда 350-ге жуық бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Ал олармен жұмыс істеу оңай шаруа емес. Сондықтан ұжымның көңіл күйін әрі мінез-құлқын бақылап, эмоционалдық жағдайын анықтайтын ақылды жүйе іске қосылды. Жасанды интеллект бар ақпаратты талдап, маманның психоэмоцияналдық портретін қалыптастырады. Осылайша күйзелісте жүргендерге қолдау көрсетіледі.
АЙГҮЛ ҚАСЕНОВА, ТӘРБИЕШІНІҢ КӨМЕКШІСІ:
— Балалармен жұмыс істеу асқан жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан аздап демалып, бойымызға күш жинап отыру аса маңызды. Шаршағандарымыз осы бөлмеге келіп тынығамыз. Қажет болған жағдайда психологтың көмегіне жүгінеміз. Артынша жақсы көңіл күймен қайта іске кірісеміз.
Ақылды жүйе сынақ режимінде іске қосылғандықтан, әзір тек Петропавлда ғана жұмыс істеп тұр. Бөбекжай бүгінде толығымен цифрландырылған. Жасанды интеллектіні пегагогтер сабақта кеңінен қолданады. Осының арқасында бүлдіршіндер ерте кезден шахмат ойнап, анимация жасауға дағдыланады. Сонымен қатар, мұндағы қауіпсіздікті жасанды интеллект бақылайды.
МАДИНА ДӘРІБАЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:
— Жүйе бөтен адамның кіргенін, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда түтінді немесе басқа да қауіп белгілерін анықтай алады. Мұнда балаларға қатысты қылмыс жасаған адамдардың да арнайы базасы бар. Қазір 502 адамның дерегі сақтаулы. Әрқайсысының фотосы мен жеке мәліметі енгізілген. Егер осындай жандар бөбекжай аумағына кірсе, жүйе бұл туралы бізге бірден хабарлама жібереді.
Дәл осы уақытқа дейін мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемеге 64 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жартысынан астамы жасанды интеллекті функциясымен жабдықталған. Бірегей жоба тиімділігін көрсетсе, еліміздің өзге де өңірінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.