«Палау орталығы» дәмханасындағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Щучье қаласында 12 адамның өмірін жалмаған өрт оқиғасына қатысты сот процесі аяқталып, үкім кесілді. Қайғылы жағдай биыл ақпан айында «Палау орталығында» газ баллонының жарылуы салдарынан болған еді. Сол кезде 12 адам қаза тауып, 23-і зардап шекті. 11 адам түрлі дене жарақатын алды. Сотта «Палау орталығының» иесі, газ құю станциясының директоры және баллон жеткізуші жауапқа тартылды. Үш айға созылған сот процесінен кейін олардың екеуі – кафе иесі мен станция басшысы – 7 жылға, ал баллон жеткізуші 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. Айта кетейік, тергеу барысында үшеуі де қамауда болды.
ЕЛЕНА ШАБАНОВИЧ, МАРҚҰМ НАТАЛЬЯНЫҢ ӘПКЕСІ:
— Наталья сол жерде қайтыс болды. Ауруханадан оны таба алмадым. Мәйітханадан таптым. Сотталушылар орындығында кінәсіз адам жоқ, әрқайсысының өз кінәсі бар. Осы қайғылы жағдайға әкелген оқиғалар тізбегі қалыптасты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал