ШҚО-да мал қағу қаупін азайту үшін 140 шақырым жолға қоршау қойылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шығыс Қазақстандағы тасжолдардың жиегіне темір тордан қоршау қойылып жатыр. Қазірдің өзінде 140 шақырым жер жабылды. Мұндағы мақсат – жолға шығып кететін малды қағып кету қаупін азайту. Жалпы, жыл басынан бері өңірде малдың кесірінен 30 жол апаты болған. Сондықтан полицейлер мал иелеріне талаптарды ескертеді. Мәселен, Ұлан және Қатонқарағай аудандарында шаруалар бақташы жалдамайды. Содан кейін тәртіп сақшылары сиыр мен жылқыны жолдан өздері қуып жүруге мәжбүр. Жыл басынан бері айып тұрақтарына 5 мыңнан астам мал қамалды. Қазір жергілікті билік шаруалардың өтініші бойынша ашылып-жабылатын қоршаулар жасауды ойластырып жатыр. Бұл малды жайылымға кедергісіз айдау үшін керек.
БАТЫРБЕК ҚАДЫРОВ, ШҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында малдың қатысуымен 31 жол апаты тіркелді. Оқыс оқиғалардан зардап шеккендер жоқ. Алайда тұрғындарға үлкен материалдық шығын келді. Шығын көлемі 5 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін жетті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал