30 алтын ба әлде 32 алтын ба? Көшпенділер ойындарының қорытындысы дауға ұласты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

30 алтын ба әлде 32 алтын ба? Көшпенділер ойындарының қорытындысы дауға ұласты. Қазақстан мен Қырғызстанның ойын нәтижесі екі түрлі көрсетіліп, кейін медаль кестесі өшірілді. Ұйымдастырушылар қандай түсініктеме берді?
Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Алайда жарыс қорытындысы, медаль саны бойынша әртүрлі ақпарат тарады. Кейін Қырғызстан тарапы ойындарда ресми жалпыкомандалық рейтинг жүргізілмейтінін мәлімдеді.
Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі
«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында әр елдің медальдық немесе жалпы командалық рейтингі жүргізілмейді. Ойынның басты мақсаты – мемлекеттерді ортақ тарихи-мәдени мұра төңірегінде біріктіру және этноспортты дамыту».

Ал Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі отандық спортшылар 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, барлығы 74 медаль жеңіп алғанын хабарлады. Қазақстан құрамасы аударыспақ, қазақ күресі, жамбы ату, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық спорт түрінен жүлдеге ие болды. Медаль санына қатысты ақпараттың әртүрлі тарауын кейбір спорт шолушылары жарыстарды есептеу тәсіліндегі айырмашылыққа байланысты деп түсіндірді.

ДМИТРИЙ НЕСТЕРЕНКО, СПОРТ ШОЛУШЫСЫ:
— Қырғызстан аударыспақты бір ғана медаль ретінде есептеген. Ал біз оны бірнеше жүлде ретінде санадық. Сондықтан медаль санында айырмашылық пайда болды. Менің ойымша, бұл – кішкентай ғана түсініспеушілік. Ұйымдастырушылардың өздері де ойындарда ресми медальдық есеп жүргізілмейтінін айтты.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Соған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды, бапкерлер мен мамандарды жетістігімен құттықтап, олардың еңбегі Қазақстанның халықаралық беделін арттыратынын атап өтті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал