Макинскіде оқушыны анасының көз алдында көлік қағып кетті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға болды. Макинск қаласында мектеп оқушысы көлік астына түсіп, көз жұмды. Жүргізуші қыз баланы сабақтан күтіп тұрған анасының көз алдында қағып кеткен. Ауыр жарақат алған оқушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Тұрғындардың айтуынша, апатқа жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы себеп болуы мүмкін. Қайғылы оқиға болған Мәскеу көшесіне былтыр жаңа асфальт төселгенімен, тротуарға қаржы бөлінбеген. Соның салдарынан балалар көлік жүретін жолдың шетімен жүруге мәжбүр. Жыл басынан бері аймақта жол апатынан 9 адам қаза тапты.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ПД ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— «Мерседес» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала ауруханада мекемеде көз жұмды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал