Шымкентте бағдаршамға тоқтаған көлікке жасалған шабуылға қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шымкентте бағдаршамда тоқтап тұрған көлікке жасалған шабуылға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Атышулы қылмыстық іс бойынша 36 томдық материал зерттелуде. Бүгін судья оқиғаға куә болған жүргізушілердің жауабын жариялады. Олардың айтуынша, шабуыл жасағандардың беті бүркеулі болған. Еске салайық, 20 қаңтарда Шымкенттің қақ ортасында көлікке шабуыл жасалды. Қазір алты күдікті бұзақылық, адам ұрлау, аса қатыгездікпен адам өлтіру баптары бойынша істі болып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал