Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы облысында «Күміс жас» бағдарламасы аясында 500-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Жоба елуден асқан азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Мемлекет оларға төленетін жалақының бір бөлігін субсидиялайды. Бағдарлама бойынша арнайы курстан өтіп, нәпақа тауып жүрген жандардың бірі – Әлия Закериянова. Меңгерген мамандығы – массаж жасаушы. Еңбек мобильділігі орталығының өкілдері оған өзінің тұрғылықты жері Қонаев қаласынан лайықты жұмыс тауып берді. Алматы облысында бұл бағдарлама 2022 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жыл соңына дейін өңірде жасы 50-ден асқан тағы 565 тұрғын жұмыспен қамтылмақ.
ӘЛИЯ ЗАКЕРИЯНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Мен жұмыссыз үйде отырдым. Жұмыспен қамту орталығына барып тіркелдім. «Күміс жас» бағдарламасын шығарғаны жақсы болды. Содан осы жұмысқа кірдім. Ақпан айынан бері істеп жатырмын. Айлығы уақытылы түсіп тұрады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.