Үкімет 32 мамандықты оқыту бағдарламасынан алып тастамақ

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Үкіметте айтылғандай, сұраныс болмаған соң, 32 мамандықты оқыту бағдарламасынан алып тастау жоспарланып отыр. Оның ішінде 41 жұмысшы біліктілігі бар. Ал еңбек нарығына қажет емес деп танылған 60-тан астам білім беру бағдарламасы бұған дейін тізімнен шығарылған. Елде қазір ақпараттық технология, өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларына маман ауадай қажет. Бүгінде құрылыс және ауыл шаруашылығы бағытында небәрі 30 мыңға жуық студент білім алып жатыр. «Осыған байланысты колледжде маман даярлауға бөлінетін мемлекеттік тапсырысты еңбек нарығындағы сұранысқа қарай өзгерту керек», – деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал