Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Астананың инфрақұрылымы жыл сайын кеңейіп, бас қала күннен-күнге құлпырып келеді. Бұған тұрғындар мен қала қонақтарының пікірі дәлел. Мәселен, бүгінде Президенттік саябақта ине шаншар жер жоқ. Әкімдік тарапынан жүргізілген абаттандыру жұмыстарынан кейін бұл аумақ көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айналды. Ал жасыл желекке оранған саябақ іші қала қарбаласынан тынығатын нағыз табиғат аясындағы мекен іспетті. Саябақпен шектесетін Шәмші Қалдаяқов көшесі де соңғы уақытта ерекше сұранысқа ие. Әсіресе жазғы күндері мұнда жастар көп жиналады. Олар бұл аумақты нағыз фотосессия алаңына айналдырған. Тұрғындар бағдаршамның жасыл түсін күтіп, әдемі кадрлар үшін сағаттап уақыт жұмсауға дайын. Тіпті арнайы мобилограф жалдап, ертегідей love story мен трендтегі видеоларды түсіретіндер де жеткілікті. Көпшілік жастардың бұл шығармашылығына түсіністікпен қарап, идеяларын қолдайды. Өйткені бұл көше әдемі ғана емес, өзіндік ерекше атмосферасымен баурап алады. Осылайша жыл сайын әкімшілікпен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, Астана қаласы көркейіп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.