Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Семейдегі биологиялық орталыққа Алматыдан қос бірдей экзотикалық кенгуру жеткізілді. Қазір жануарлар жазғы вольерге орналастырылып, жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Кенгурулардың төлқұжатында «Тик» және «Тик 1» деп жазылған. Алайда мамандар оларды әзілмен «Тик» және «Так» деп атап жүр. Кенгурулар Семейге 5 қыркүйекте жеткізілген. Хайуанаттар бағының қызметкерлері қалталы жануарды тасымалдау кезінде күйзеліске түспегенін айтты. Көкөніс пен жеміс оның ішінде шалғын шөбі, жоңышқа, бұтақ азығы бар. Сонымен қатар сұлы мен кебектен дайындалған ботқа беріледі. Дәрумендер де ветеринар жоспарына сәйкес қосылады. Қазір мамандар олардың мінез-құлқын бақылап жатыр. Ал қыс түскенде кенгурулар 25-30 градус жылуы бар арнайы павильонда қыстайды.
ЮЛИЯ МИРШАНОВА, БИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қыста павильонда ұстаймыз. Ондағы температура шамамен 25-30 градус жылы болады. Яғни кенгурулар үшін міндетті түрде жылы орын қарастырылған. Көкөніс пен шөптің құрамы өзгермейді. Тек жазда балғын күйінде берсек, қысқа қазірден бастап жем-шөбін жинап, кептіріп дайындап жатырмыз. Қыста дәрілік өсімдіктермен бірге кептірілген күйінде береміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.