Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
КӨЛІК ҚАҚТЫ
Жаяу жүргінші жолы және бағдаршам жоқ. Көкшетауда мектепке бара жатқан оқушыны көлік қағып кетті. Жүргізуші бұған дейін жол ережесін бірнеше рет бұзғаны анықталды. Қайғылы оқиғаға не себеп?
КҮЛІМСІ ИІС
Атырау тұрғындары бірнеше күннен бері күлімсі иіске шағымданып жатыр. Кей аумақта ауадағы зиянды қоспаның мөлшері шекті нормадан бірнеше есе асқан. Қала ауасын не ластап жатыр? Жауапты мекеме қандай шара қолданды?
ЖИҺАЗ ҚАЙДА?
25 миллион теңге аударған. Астаналық 19 тұрғын жиһаз жасатамын деп қомақты қаржысынан айырылды. Іс сотқа жетті. Әлеуметтік желідегі жарнамаға сенуге бола ма? Ақшаңызды алаяққа ұстатпау үшін нені білу керек?
МАМАН ТАПШЫ
Үкіметте елдегі кадр тапшылығы мәселесі көтерілді. Өнеркәсіпке – 183 мың, құрылысқа – 102 мың, ауыл шаруашылығына 73 мың маман қажет. Ал колледждегі мемлекеттік тапсырыс еңбек нарығындағы сұранысқа сай ма?
КЕНГУРУ ЖЕТКІЗІЛДІ
Семейге Австралияның аптап ыстығына төзімді екі кенгуру жеткізілді. Енді қала тұрғындары оларды хайуанаттар бағынан көре алады. Ал бөтен жануарлар жаңа мекенге қалай жерсініп жатыр?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.