Қостанай облысында дала өрті өршіп тұр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қостанай облысында бірнеше күннен бері дала өрті өршіп тұр. Жалын елдімекендер мен орман алқаптарына дейін жетті.
Жағдай әсіресе Денисов ауданында қиын. Бір тәуліктің өзінде мұнда 11 өрт ошағы анықталды. Құрғақ ауа райы мен екпінді желдің салдарынан от өте жылдам таралып, бірнеше ауылға қауіп төндірген. Гришенка ауылында өрт ауыздықталғанымен, Антоновкада үш тұрғын үй мен бірнеше қора-жай жанып кеткен. Қауіптің алдын алу үшін кей аумақтарда электр жарығы уақытша өшірілді. Сондай-ақ Перелески, Аят, Аршалы, Денисовка және Алчановка ауылдарының маңында да дала өрті тіркелді. Ал Георгиевка ауылында тұрғын үй, екі қора мен автокөлік өртеніп, мал шығыны болған. Дәл осы уақытта Қарабалық ауданындағы Қарадум орманшылығы аумағында да ірі өрт шықты. Жалын құрғақ шөпті, орманның төменгі қабатын және қайың алқабын шарпыған. Зардап шеккендер жоқ
ЫДЫРЫС ТӘКЕНОВ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Өрттің жалпы аумағы 850 гектарды құрады. Аумақ күзетіледі. Қайта тұтанудың алдын алу мақсатында жер жыртылып жатыр. Өрттің шығуы мен материалдық шығын анықталады. Зардап шеккендер жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал